«Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер» кафедрасының 2017-2018 оқу жылына жоспарланған кәсіптік бағдар жұмысының жылдық

 ЕСЕБІ

    «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер» кафедрасына №5, №4, №17 қалалық мектептер және Еуразия академиясы колледжі, АТИСО колледжі, ЗКИТУ колледжі, агроколледж, Гуман. академия колледжі, КазИТУ, Орал гуман-инж. Колледжі,  Зеленов ауданы: Аманжолов ат. ЖОББМ (Переметное ауылы), Рубежин ЖОББМ (Рубежка ауылы), Макаров ЖОББМ (Макаров ауылы), Ақжайық ауданы: Алғабас ЖОББМ (Алғабас ауылы), Абай ат. ЖОББМГ (Чапаев ауылы), №1 ЖОББМ (Чапаев ауылы), М.Әуезов ат. ЖОББМ (Чапаев ауылы), Бөрлі ауданы: Бөрлі ЖОББМ (Бөрлі ауылы), Қызылтал ЖОББМ (Қызылтал ауылы), Ақсай қ. №2 ЖОББМ (Ақсай қаласы), Теректі ауданы: Анқаты ЖОББМ (Анкаты ауылы),  Есенжанов ат. ЖОББМ (Сары өмір ауылы),  Қаратөбе ауданы: Қоскөл ЖОББМ (Қоскөл ауылы),  Ханкөл ОББМ (Ханкөл ауылы), Шыңғырлау ауданы: Алмаз  ЖОББМ (Алмаз ауылы), Қуағаш ЖОББМ (Ново-Петровка ауылы), Сырым ауданы: Қ.Мырзалиев ат. ЖОББМ (Жымпиты ауылы), Тасқала ауданы: С.Жақсығұлов ат. ЖОББМ (Камен ауылы) аудандық мектептері бекітілді. Осы бекітілген кафедраның кәсіби бағдар жұмыс  жоспары құрылып, жауапты оқытушылар тағайындалды. Қала және аудан мектептеріне, көрші облыстар мектептеріне кәсіби - бағдар жұмыс жүргізу үшін оқытушылар тағайындалып, тізімі ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығына тапсырылды.

Кәсіптік бағдар жұмыстары университеттің бекіткен жоспарына сай жүргізілуде.

Қыркүйек айында кафедра оқытушыларының кәсіптік бағдар беру жұмыстарына жауапты оқытушылар бекітілді.

«Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер» кафедрасына бекітілген ЖОББМ кәсіби бағдар жұмысын өткізу туралы жоспар жасалып бекітілді.

05.10.2017 ж кафедра меңгерушісі А.Ш. Журасова Казталов ауданына өз есебінен іс сапарға барды. Іс сапары барысында Ғ.Молдашев және К.Мендалиев атындағы ЖББМ барып кәсіптік бағдар жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ғ.Молдашев атындағы мектептің  11 сыныпта оқитын 18 оқушысы және К.Мендалиев атындағы ЖББМ-тің 24 оқушысы БҚМУ-і мен кафедра мамандықтары туралы мол мағлұмат алды. Оқушылар өздері қызығушылық танытқан мамандықтары бойынша сауалдарын қойды. Оқыту хаттамалары толтырылды. Буклеттер таратылды.

     

  20.11.2017  ж кафедра оқытушылары Н.Н.Майманова мен Ж.К.Алдияров №25 ЖББМ түлектерімен кездесіп, университет мамандықтарымен таныстырды. Бұл мектеп түлектері болашақта БҚМУ-ды таңдаған.

     

Кафедра оқытушылары №25 ЖББМ ата-аналар жиналысына қатысты. Ата-аналар мен оқушылар тарих, экономика және құқық факультетімен және «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер» кафедрасының мамандықтарымен танысты. Ата-аналар тарапынан университет мамандықтарына қызығушылық танытып, сауалдар қойылды. Мектеп оқушыларына БҚМУ-да өтетін дайындық курсы туралы ақпарат берілді. Оқыту хаттамалары толтырылды.

 «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік – саяси пәндер» кафедрасының оқытушысы Ж.К.Алдияров 2017 жылдың 14 желтоқсан күні ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру жұмысымен Теректі ауданына барды.

15.01.2018 ж кафедра оқытушылары Н.Н.Майманова мен Ж.К.Алдияров №47 ЖББМ түлектерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, университет мамандықтарымен таныстырды және хаттама толтырылды. Буклеттер таратылды. Бұл мектеп түлектері болашақта БҚМУ-ды таңдаған.

    

26.02.2018 ж кафедра оқытушысы Г.Н.Есеева №45 ЖББМ түлектерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, университет мамандықтарымен таныстырды және хаттама толтырылды. Буклеттер таратылды. Абасов Қ., Қанат А., Бауыржан О., Ибнеев И., Фахтоллин Д., Сагынгалиева А. сынды мектеп түлектері болашақта БҚМУ-ды таңдаған.

    

Кафедра филиалдарының жоспары бойынша 2018 жылдың қаңтар айына №46 ЖББМ «Мен таңдаған мамандық» атты тақырыпта мектеп түлектеріне дөңгелек үстел өткізу жоспарланған болатын. 18.01.2018 ж кафедра оқытушылары №46 ЖББМ түлектерімен кездесу ұйымдастырып, сауалнама жүргізіліп, университет мамандықтарымен таныстырды.  Сауалнамаға 27 оқушы қатысты. Соның 3-і ғана БҚМУ-ды таңдап отыр.