«Есеп және қаржы» кафедрасы әртүрлі бағытта ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік беретін жоғарғы ғылыми потенциалға ие.

«Есеп және қаржы» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы «Әлемдік қаржылық жүйені тұрақтандыру Евразиялық кеңістегіндегі көпжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары» тақырыбында жүргізіледі.

ПОҚ зерттеулерінің нәтижелері ғылыми монографияларда, жарияланымдарда және оқулықтарда көрініс табады. 2016 жылы доцент Г.К.Ахонованың «ЕАЭО ӘСҰ шеңберіндегі интеграциялық өзара ықпалдар жағдайындағы шекаралық аймақтардың агроазық-түлік кешендерінің трансформациясы» (РФ Саратов облысы мен ҚР Батыс Қазақстан облысы мысалында) монографиясы, М.К.Нугманова, А.С.Мустафинаның, Р.У.Жанғалиеваның «Бухгалтерлік есеп негіздері», «ХҚЕС-ке сәйкесті бухгалтерлік есеп» оқу құралдары, А.А.Ерниязованың «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Аудит негіздері» оқу құралдары жарыққа шықты.Кафедраның оқытушыларының ғылыми қызметі қазақстандағы және шетелдердегі ғылыми конференцияларға белсене қатысумен сипатталады. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық белсене қатысып, жинақтарда мақалаларын жариялайды. Кафедраның аға оқытушылары А.С.Мустафина, Р.У.Жанғалиева, Ш.М.Алтыбаева, Э.К.Баудиярова 5-Халықаралық «Applied Sciencesand technologiesn the United Statesand Europe: commonchallengesand scientificfindings» Hosted by the CIBUNETP publishing Frbruary 12, 2014 Ney York, USA ғылыми конференциясына қатысты. «Құрылыс компаниясына басқару есебі жүйесін енгізу», «Insurance in Kazakhstan: tendencies, problems and development prospects» мақалалары жарияланды.

«Есеп және Қаржы» кафедрасының жоғарғы кәсіби деңгейі ғылымды өндіріспен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Кафедра жанында «Заманауи бухгалтер», «Қаржыгер-аналитик» студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды, олар студенттерді ғылыми-зерттеушілік және қоғамдық жұмысқа тартуға, студенттік ортада корпоративтік рухты тәрбиелеуге ұмытылып отырады.

Клуб мүшелері ғылыми-зерттеушілік жұмыспен белсене айналыса отырып, бірнеше рет ғылыми конкурстардың, конференциялар мен олимпиадалардың жеңімпаздарына айналды. Мамандық студенттері А.Хрокалов, А.Джамалиев, Т.Байгуатов, Р.Хисаметдинов, К.Акакимян, М.Бахирева, Амиргалиев Диас, Мулдакашева Эльмира, Утебаева Азиза, Хабибуллин Еркин («Қаржы» мамандығы) жыл сайын «Қазақстандық қор биржасы» (KASE) АҚ ұйымдастыратын жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған «Биржалық стимулятор» оқу саудасына қатысады және жүлделі орындар алып отырады. 2012-2013 жылдары – 1 орын, 2013-2014 жылдары – 1,2 орын алды. «Биржалық стимулятордың» 2015 жылдың күзгі маусымына Қазақстан Республикасының 29 жоғарғы оқу орнынан 385 студент қатысты. Осы олимпиадада «Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтарының 3-4 курс студенттері Татьяна Онопко, Ануар Сатыбалдиев, Ирина Чернега, Индира Қалиева, Айсенім Серғалиевақатысты. Сауда нәтижесінде 3 орынға ие болып және 100000 теңге жүлде чегін алды.

KASE «Қазақстандық қор биржасы» АҚ тарих, кономика және құқық факультетінің деканы Г.И.Нестеренкоға, Есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушысы Е.А.Скококқа алғыс хат жолдады.