Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер

кафедрасының 2016-2017 оқу жылындағы кәсіптік бағдар жұмысы

Жыл басында кафедраның ПОҚ жиналысында кафедра меңгерушісінің қатысуымен жауапты оқытушылар жылдық жоспарды құрастырды. Кафедраға бекітілген қалалық және аудандық мектептерге оқытушылар тізімі жасалды.

Кафедра бойынша бекітілген оқытушылар қала мектептерінің 11 сынып оқушыларына тіркеу жүргізіп, жарнамалық буклеттер үлестірді. Қызықтырған мамандықтары туралы сауалдарына жауап беріп, кеңес берді. Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарына жауапты оқытушы Тажибаева Т.С.Аменов А.Ж.

Талапкерлерге арналған ақпараттық жарнама материалдарын жасап, тарату, мектеп оқушыларына БҚМУ-да өтетін дайындық курсы туралы ақпарат беру жұмыстары уақытылы жүргізілді.

26.10.2016ж. күні Тажибаева Т.С. қалалық №27 мектепке ата-аналар жиналыстарына қатысып, 11 сынып түлектерінің ата-аналарына мамандықтар туралы таныстыру жөнінде ақпараттар берді. Кафедра мамандықтары бойынша мәліметтер беріліп, үнпарақтар мен хабарламалар таратылды. Ата-аналар тарапынан да университет мамандықтарына қызығушылық танытып, сауалдар қойылды. Мектеп оқушыларына БҚМУ-да өтетін дайындық курсы туралы ақпарат берілді. Оқыту хаттамалары толтырылды. Сонымен қатар, 19.11. 2016ж. – Абулкасова Д.Б. №8 ЖОББМ қалалық мектептің ата-аналар жиналыстарына қатысып, 11 сынып түлектерінің ата-аналарына мамандықтар туралы таныстыру жөнінде ақпараттар берді. Кафедра мамандықтары бойынша мәліметтер беріліп, үнпарақтар мен хабарламалар таратылды. Ата-аналар тарапынан да университет мамандықтарына қызығушылық танытып, сауалдар қойылды. 15.12.2016 ж. күні кафедра оқытушысы Алдияров Ж.К. қалалық №3 мектепке кәсіптік бағдар жұмысымен оқушылармен кездесті. Оқушыларға сауалнама үнпарақтар таратылып, сауалнама жүргізілді. Оқушылар өздері қызығушылық танытқан мамандықтары бойынша сауалдарын қойды. Оқыту хаттамалары толтырылды.

27.01.2016 ж. күні кафедра оқытушысы Науанова К.М. қалалық №9 мектептің 11 сынып оқушылары ата-аналар жиналысына қатысып сөз сөйледі. Мектеп бітіруші сынып ата-аналарына университет факультеттері және мамандықтары туралы мәлімет беріп, қойылған сұрақтарына жауап берді. Кафедра оқытушысы Сулейменова Г.Б. №11 ОКШИОД, №7 мектеп оқушыларымен және Евразия колледжінің студенттерімен кездесіп, кәсіби бағдар, мамандық таңдау бойынша өз кеңестерін, бағыттау жұмысын жүргізді. Студенттерге буклеттер, материалдар таратылды.

Кафедра оқытушысы Тажибаева Т.С. қалалық ЖББ №44 және №46 мектептерге кәсіби бағдар жұмысын жүргізіп, оқушылардың университетіміз туралы толғандырған сұрақтарына жауап беріп, кеңестерін беріп,университетке оқуға шақырды. Кафедра оқытушысы Ержигитов А.Ж. кәсіби бағдар бойынша Тасқала ауданының мектептерін аралап, оқушылармен кездесу ұйымдастырды. 11 сынып оқушыларына сауалнама жүргізіп, буклеттер таратты.

14.02.2017 ж. кафедра оқытушысы Алдияров Ж.К. кәсіби бағдар жұмысымен №46 мектепте «Кәсіптің бәрі маңызды, бәрі жақсы» атты жұмыс орын жәрмеңкесіне қатысып, дұрыс мамандық таңдау мәселесіне екпін аударды.

Кафедра оқытушысы Кенжегулова А.А. ақпан айында Круглоозерное ЖББ мектебінің оқушыларымен кездесіп, университет мамандықтары бойынша мәліметтер беріліп, үнпарақтар мен хабарламалар таратылды.

Кафедра оқытушыларының кураторлық топтарының студенттері қысқы демалысқа кеткенде өздерінің тұрғылықты жерлеріндегі мектептерге кафедраның мамандықтары туралы буклеттерді алып таратып қайту жүктелді. Әлеуметтану, аймақтану және халықаралыққатынастар мамандықтары туралы жарнама презентациялары қазақ және ор357ыс тілдерінде дайындау жоспарланды. Кәсіптік бағдар жұмысы жалғасын табуда.

Келісімшарт №4 ЖОББМ

Келісімшарт №5 ЖОББМ

Келісімшарт "РГУ Департамент статистики ЗКО"

Келісімшарт "ГУ Управление по делам религий ЗКО"