«Құқықтық пәндер» кафедрасының қала мектептері базасында филиалдары қызмет етеді. Бүгінгі таңда кафедра филиалы бойынша екі мектеппен шарт жасалынған: Дарында балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 мамандандырылған мектеп-интернат кешені және №1 жалпы орта білім беретін мектеп. Кафедра филиалдарының мақсаты – білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мен оқу, ғылыми-әдістемелік және кәсіби бағдар жұмыстарын бірге жүргізу болып табылады.