Кафедра меңгерушісі Журасова Алтынай Шугаевна – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

Кафедра туралы ақпарат

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің қалыптасу тарихымен бірге келе жатқан үлкен тарихы бар бөлімдерінің бір болып табылады. Кафедра орта мектеп мұғалімдерін, халықаралық қатынастар, аймақтану мен әлеуметтану мамандарын даярлауда ғылыми-педагогикалық қызмет атқаратын орталықтың бірі.

2004 жылдан «Дүниежүзілік тарих» кафедрасы ретінде «Халықаралық қатынастар» мен «Аймақтану» мамандарын даярлап келді. 2009 жылы университеттегі оңтайландыру процесіне орай «әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасымен біріктірілді. 2014 жылдың қыркүйек айынан күні бүгінге дейін кафедра меңгерушісі қызметін т.ғ.к., доцент А.Ш.Журасова атқаруда. Қазіргі таңда кафедра «дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы деп аталады. Кафедрада 19 штаттық және 1 қосымша жұмыс істейтін қызметкерлер бар. Олардың ішінде 1 ғылым докторы (Нұрғалиева А.М.), 10 ғылым кандидаты (тарих ғылымдарының кандидаттары Журасова А.Ш., Қожабергенова Х.И., Мухлисова З.К. Сулейменова Г.Б., философия ғылымдарының кандидаттары Науанова К.М., Мулдашева Г.Б., Ниязов Е.Ш. Добряев П.А.; саяси ғылымдар кандидаты Юров О.В.), 4 аға оқытушы, 4 магистр.

Кафедрада ғылыми - әдістемелік кеңес, тәрбие жұмысы, «Панорама», «Консенсус» ғылыми үйірмелері, «Әлеуметтік зерттеулер лабораториясы» жұмыс істейді. Кафедра оқу жылы басында университет әкімшілігінің келісуімен бекітілген жоспар бойынша жұмыс атқарады.

Кафедраның материалдық техникалық базасы мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:

Кафедра жанында «Әлеуметтік зерттеулер лабораториясы» қызмет етеді. «Халықаралық қатынастар және дипломатия» оқу кабинеті сабақ жүргізу үшін қолданылатын көрнекілік кестелер және сызбанұсқаларлармен, көрнекті дипломатия өкілдері туралы мәліметтермен жабдықталған.

Қазақстан Республикасының жоо мамандарды даярлаудың бағыты мен деңгейі бойынша тәуелсіз рейтингісінде 5В050100 «Әлеуметтану» мамандығы 2015 жылы 3 орынды, 5В020200 «Аймақтану» мамандығы 5 орынды иеленді.

Кафедра түлектері Қазақстанның мемлекетінің әртүрлі салаларында Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен ішкі істер органдарында, мемлекеттік жергілікті басқару қызметінде, өндіріс орындарында аудармашы, бөлім мамандары, әлеуметтік жұмыс мамандары ретінде қызмет атқарады.

Жоғарғы ғылыми-педагогикалық потенциалға ие бола отырып және қалыпты даму барысында кафедра халықаралық қатынастар мен аймақтық, әлеуметтік мәселелер саласындағы бағдарламалық құжаттарда қойылған стратегиялық міндеттерді шешуге елеулі үлес қосып келеді.

Осыған орай кафедра мынадай бағыттар бойынша мамандықтарды даярлайды:

5В020200 – «Халықаралық қатынастар»

5В050100 – «Әлеуметтану».

Бұл мамандықтар бойынша мынадай білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады:

5В020200 – «Халықаралық қатынастар» мамандығында

Қосымша білім беру бағдарламлары:

1. Халықаралық экономика

2. Аударма ісі

3. Саясаттану

4) Халықаралық байланыстағы кеден ісі

5) Саяси талдау мен болжау

5В050500– «Аймақтану» мамандығы бойынша

қосымша білім беру бағдарламлары:

1. Мемлекеттік және жергілікті басқару

2. Аударма ісі

3. Мектептегі ағылшын тілі

4. Халықаралық байланыстағы кеден ісі

5. Шетелдік аймақтану: Ресей

5В050100 – «Әлеуметтану» мамандығы бойынша

қосымша білім беру бағдарламлары:

1.Әлеуметтік жұмыс /Социальная работа

2. Қоғаммен байланыс

3. Қоғамдық-саяси пәндерді колледждерде оқыту

4. Статистика және салалық әлеуметтану

5. Демография

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының миссиясы

- М.Өтемісов атындағы БҚМУ – нің аймақтық жаңғырту орталығы болуына мүмкіндік беретін ұлттық келісім мен мәдениетаралық диалогтың еуразиялық идеялары негізінде, Қазақстандағы байырғы жоғары оқу орындарының бірі ретінде оның дәстүрлерін сақтау және арттыру.

- Гуманитарлық ғылыми білімдерді жинақтау мен таратуда озық технологиялар мен қазіргі білім беру инфрақұрылымын қолдана отырып, жоғары білікті мамандар дайындау.

- болашақ мамандарда саяси сауаттылық пен патроитизмді, жаңаша ойлауды қалыптастыру.

Кафедраның мақсаты

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың ақпанында Қазақстан халқына арналған Жолдауында Н.Ә.Назарабаевтың «Ең алдымен білім беру жүйесінің ролі өзгеруі керек... Оқу бағдарламаларын сыни тұрғыдан ойлау қабілетін және ақпаратты өз бетімен іздеу дағдысын қалыптастыруды дамытуға мақсаттауымыз қажет... Сонымен қатар ІТ –білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру мен жастардың патриотизмін тәрбиелеуге үлкен көңіл аударуымыз керек»деп атап көрсеткеніндей, жоғары сапалы білім беру мен университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ғылым, білім беру мен өндірістің бірігуі негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру.

Кафедраның міндеттері

1. Халықаралық білім беру сапасының талаптарына сай кафедрада сапа менеджменті жүйесін үздіксіз жетілдіруді жүзеге асыру.

2. Бәсекеге қабілетті мамандарға деген қажеттілік пен күтілетін сұранысты қанағаттандыру.

3. Шығармашыл жеке тұлғаның жүйелі дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы, оқу, ғылыми және тәрбие үрдісінің интеграциясы үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру арқылы 5В020200 – Халықаралық қатынастар, 5В050500 – Аймақтану, 5В050100 – Әлеуметтану мамандықтарының білім беру бағдарламаларын жетілдіру;

4. Құзыреттілік тәсіл негізінде ББ модульдік құрылымын жетілдіру;

5. Студенттердің, университет ПОҚ, ата-аналардың, жұмыс берушілердің ұсынысын есепке ала отырып жалпы құзыреттілікті қамтамасыз ететін элективті пәндер каталогын жетілдіру;

6. Ғылым мен техника саласындағы нақты жаңашылдыққа сай инновациялық орта құру.

7. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу, олардың нәтижелерін коммерцияландыру және білімге енгізу.

8. Кафедра қызметінің беделін арттыру үшін халықаралық білім беру және ғылыми жобалар мен көп тілді дамытуға қатысу.

9. Білім беруді ақпараттандыру – электрондық құжат айналымды. Білім беруде интерактивті контентті дамыту, ұйымдастыру үшін бағдарламалық өнімдерді қамтамасыз етуді дайындау, оқу үрдісін бақылау және қамтамасыз ету

10. Түлектердің даярлық деңгейіне қойылатын талаптармен қамтамасыз ету және түектер үшін жалпы құзыреттілікті қалыптастыру.

Кафедра даярлап отырған мамандықтар түлектері мемлекеттік қызметкер, ішкі ж»не сыртқы саясат органдарының мамандары, кәсіпорын басшысы, аналитик, сақтандыру агенті, қаржы менеджері т.б. лауазымдарда қызмет ете алады.

Кәсіби қызмет салалары Сыртқы және ішкі істер органдары, мемлекеттік органдар, меншіктің барлық түріндегі мекемелер мен ұйымдар, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік реттеу органдары,шетелдік компаниялар аудармашылары мен талдаушылары, ғылыми-зерттеу мекемелері.

Кәсіби қызмет бағыттары экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық және меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Кафедра мамандықтары бойынша оқыту қазақ, орыс тілінде және мамандық бойынша шет тілінде жүреді. Мектеп оқушыларын болашақ саясаткер, ішкі және сыртқы істер салаларының қызметкерлері ретінде жұмыс жасауға баулу бағытында кафедрада жексенбілік мектеп ұйымдастырылған.

Кафедра оқытушылары мен мамандықтар студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасына белсенді түрде тартылған.

Кафедраның доценттері А.Ш.Журасова (Польша, Кипр), Д.Б.Абулкасова (Германия) шетелдік тағылымнан өтсе, «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері Р.Ұзақбай, А.Акимова, Д.Мурзабулатова (Польщада), Оңғарбай Лейла (Ульяновск мемлекеттік университетінде, РФ), (Уфада), Л.Кенжеғали (АҚШ) алыс және жақын шетелдерде ұтқырлық бағдарламасымен семестрлік оқудан өтті.

Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі

«Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы әртүрлі бағытта ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік беретін жоғарғы ғылыми потенциалға ие.

Кафедра университеттің оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарына қатысумен қатар облыс, республика көлеміндегі шараларға белсенді қатысады.

Сайлау және сайлауалды түсіндіру науқанына, Елбасы Жолдауларын насихаттау, дін мәселелері талқылау жұмыстарына, өңірдегі әлеуметтік-ғылыми зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысады.

ПОҚ зерттеулерінің нәтижелері ғылыми монографияларда, жарияланымдарда және оқулықтарда көрініс табады. 2016 жылы доцент А.Ш.Журасованың «ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі батыс Қазақстанның рухани ахуалы» монографиясы, «Ежелгі Рим тарихы» оқу құралы, кафедра оқытушылары Абулкасова Д.Б., Аменов А.Ж., Науанова К.М., Шайхиев Т.Т., О.В.Юровтың «Религиозный радикализм и экстремизм: идеология, практика и опыт противодействия» монографиясы, ф.ғ.к., доцент К.М.Науанованың, аға оқытушысы Г.Н.Есееваның «Шетелдердің сыртқы саясаты» оқу құралы, А.Ш.Журасова, Б.М.Мырзабаева, Ж.М.Арыстанғалиевалардың «Халықаралық қатынастар тарихы бойынша терминологиялық сөздік», аға оқытушылар Т.Т.Шайхиев, А.Ж.Ержігітов, оқытушы М.Б.Гайсинаның «Саясаттану», доцент Д.Б.Абулкасова мен оқытушы А.А.Кенжегулованың «Әлеуметтану» пәндерінен үш тілдегі сөздік оқу құралдары жарық көрді.

Кафедраның оқытушыларының ғылыми қызметі Қазақстандағы және шетелдердегі ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдерге белсене қатысумен сипатталады. Олар алыс шетелдерде монография мен мақалалар жариялаған с.ғ.к. О.В.Юров, т.ғ.д. А.М.Нұрғалиева, т.ғ.к. А.Ш.Журасова.

Жақын шетелде т.ғ.д. А.М.Нұрғалиева, с.ғ.к. О.В.Юров, ф.ғ.к. П.А.Добряев, аға оқытушы А.Ж.Аменов (Орынбор), доценттер А.Ш.Журасова, К.М.Науанова,аға оқытушы Г.Н.Есеева (Саратов) және тағы басқалары ғылыми баяндама жасап, мақалалары жарық көрді.

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының жоғарғы кәсіби деңгейі ғылыми жобаларды жасауға және оны өңірдегі өзекті мәселелермен байланыстыруға мүмкіндік береді. Оның дәлелі интеграция, этникааралық, конфессияаралық, діни, тіл мәселелелеріне қатысты ғылыми зерттеу жобаларының жасалуы болып табылады.

Кафедра жанында «Панорама», «Консенсус» студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды, олар студенттерді ғылыми-зерттеушілік және қоғамдық жұмысқа тартуға, студенттік ортада корпоративтік рухта тәрбиелеуге ұмытылып отырады.

Клуб мүшелері ғылыми-зерттеушілік жұмыспен белсене айналыса отырып, бірнеше рет ғылыми конкурстардың, конференциялар мен олимпиадалардың жеңімпаздарына айналды. Мамандық студенттері В.Тудакова (аймақтану мамандығы) халықаралық олимпиадада І орын иеленсе, Р.Ұзақбай (Халықаралық қатынастар мамандығы), Е.Ибрашев, С.Жасталап, (Әлеуметтану мамандығы) Тольятти (РФ) қаласында 2015 жылы сәуір айында өткен «BUSINES HOLIDAY» іскерлік ойындар мен инновациялық бизнес-жобалар конкурсында ІІ орын иеленді, Г.Айдынәлі «Жас зерде» маркетингтік және әлеуметтік зерттеулердің Бірінші Халықаралық конкурсының І дәрежелі дипломына ие болса, жыл сайынғы республикалық студенттердің ғылыми жұмыстарының конкурсында Г.Еслямова, Г.Орынбаева, Ә.Болатова – 2,3 орын иеленді.