Кафедра туралы ақпарат

 

Кафедраның негізі тарих және құқық факультетінде «Құқықтану» мамандығының ашылуымен байланысты 1997 жылы салынды.

1999 жылдан бастап құқықтық пәндер кафедрасы қайта құрылып, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы (меңгерушісі – т.ғ.к, доцент Тасмағамбетов Ә.С.) және арнаулы құқықтық пәндер кафедрасы (меңгерушісі – доцент Шалтаев Б.З.) ретінде екіге бөлінді.

2003 жылы мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы» атауына ие болды, арнаулы құқықтық пәндер кафедрасынан Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы (меңгерушісі – з.ғ.к, аға оқытушы Жанабилов) мен Қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасы (меңгерушісі – аға оқытушы Мусин П.М.) бөлініп шықты.

2005 жылдан бастап мамандықтың қажеттіліктеріне байланысты мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы өз атауын қайта өзгертіп, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы және конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі – т.ғ.к. Р.С. Мажитов болды.

2008 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігің ұсынысы негізінде барлық үш кафедра біріктірілді және 2008 жылдың маусымынан бастап біріктірілген заң пәндері кафедрасының меңгерушісі – з.ғ.к, аға оқытушы С.К. Есетова тағайындалса, 2010 жылдың қаңтар айынан күні бүгінге дейін аталмыш қызметті т.ғ.к., доцент Л.С.Серикова атқаруда. Қазіргі таңда кафедра «Құқықтық пәндер» кафедрасы деп аталады.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде құқықтану мамандығының негізі қаланған 1998 жылдан бастап 3000-нан астам түлек бітірген. Олардың көпшілігі мамандығы бойынша қызметке орналасқан. Бітіруші түлектерінің қызмет аясы мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардағы, құқық қорғау органдарындағы лауазымдарды қамтиды.

Қазіргі таңда кафедрада 19 штаттық және   3 қосымша жұмыс істейтін қызметкерлер бар. Олардың ішінде 1 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты, 8 магистр.

Кафедрада ғылыми - әдістемелік кеңес, тәрбие жұмысы, «Криминалист» ғылыми үйірмесі, Заң клиникасы, Криминалистикалық кабинет жұмыс істейді. Кафедра оқу жылы басында университет әкімшілігінің келісуімен бекітілген жоспар бойынша жұмыс атқарады.

Кафедраның материалдық техникалық базасы мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:

Кафедра жанында «Криминалистика» оқу кабинеті қызмет етеді. Оқу кабинетінің қорында компьютер, криминалистикалық чемодан, теледидар, бейнемагнитофон, сабақ жүргізу үшін қолданылатын (Криминалистика және қылмыстық іс жүргізу бойынша) арнаулы оқу фильмдерінің видеотекасы, көрнекілік кестелер және сызбанұсқалар (Криминалистикалық альбомдар, оқу қылмыстық істер, адамның сырт келбетінің сипаттамасы және т.б.) бар.

Сот мәжілісінің оқу залы сот процестері ойындарын өткізуге арналған қажетті атрибуттармен (судьяның мантиясы, арнаулы формалар және т.б.) жабдықталған.

«Қылмыстық іс жүргізу» кабинеті құрылу сатысында. Аудиториялық қордың босауына байланысты оны «Қылмыстық құқық және іс жүргізу» оқу-әдістемелік кабинетіне айналдыру жоспарлануда. Онда оқу үрдісінде қолданылатын көрнекі стендтер бар.

     Кафедра мынадай бағыттар бойынша мамандықтарды даярлайды:

5В030100 – «Құқықтану»

5В011500 – «Құқық және экономика негіздері».

 

Құқықтық пәндер кафедрасының миссиясы

         М.Өтемісов атындағы БҚМУ Құқықтық пәндер кафедрасы аймақтық жаңғырту орталығы болуға мүмкіндік беретін ұлттық келісім мен мәдениетаралық диалогтың еуразиялық идеялары негізінде, оның Қазақстандағы байырғы жоғары оқу орындарының бірі ретінде дәстүрлерін сақтау және арттыру. Гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімдерді жинақтау мен таратуда озық технологиялар мен қазіргі білім беру инфрақұрылымын қолдана отырып, жоғары білікті мамандар дайындау.

Кафедраның мақсаты

         Жоғары сапалы білім беру мен университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ғылым, білім беру мен өндірістің бірігуі негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру.

Кафедраның міндеттері

  1. Халықаралық білім беру сапасының талаптарына сай кафедрада сапа менеджменті жүйесін үздіксіз жетілдіруді жүзеге асыру.
  2. Бәсекеге қабілетті заңгер мамандарға деген қажеттілік пен күтілетін сұранысты қанағаттандыру.
  3. Ғылым мен техника саласындағы нақты жаңашылдыққа сай инновациялық орта құру.
  4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу, олардың нәтижелерін коммерцияландыру және білімге енгізу.
  5. Кафедра қызметінің беделін арттыру үшін халықаралық білім беру және ғылыми жобалар мен көп тілді дамытуға қатысу.
  6. Білім беруді ақпараттандыру – электрондық құжат айналымды. Білім беруде интерактивті контентті дамыту, ұйымдастыру үшін бағдарламалық өнімдерді қамтамасыз етуді дайындау, оқу үрдісін бақылау және қамтамасыз ету.