«Бухгалтерлік есеп – бизнестің ар-ожданы» Л.фон Мизес

Сенің болашақ жетістігін осы жерден басталады!

 

Есеп және қаржы кафедрасы 2002 жылы құрылды және 5В050800 Есеп және аудит және 5В050900 Қаржы мамандықтары бойынша мамандар дайындайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік лицензиясы № 0026241 серия АБ. Қызмет мерзімі шектеусіз.

Қазіргі даму кезеңінде кафедраға экономика ғылымдарының кандидаты, доцент М.К.Нугманова жетекшілік етеді.

Кафедраның профессор-оқытушылық құрамы: э.ғ.к., доценттер - Ахонова Г.К., Бегеева М.К., Ерниязова А.А., Турченко А.А. аға оқытушылар – к.э.н. Шамакова Н.Г., қаржы магистрі Жангалиева Р.У., қаржы магистрі Алтыбаева Ш.М., экономика магистрі Баудиярова Э.Н., Мустафина А.С., Скок Е.А.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингісінде 5В050800 Есеп және аудит және 5В050900 Қаржы мамандықтары бойынша мамандар дайындау бағыттары және деңгейі бойынша 2014 жылдан бастап көшбасшы орынды алып келеді, бұл кафедраның үйлесімді және шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылады.

2015 жылы рейтинг қорытындысы бойынша

5В050800 Есеп және аудит мамандығы 7 орынды (32 ЖОО ішінде) иеленді, 5В050900 Қаржы мамандығы – 12 орынды (ҚР – ғы 28 ЖОО ішінде ) иеленді.

2015 жылы рейтинг қорытындысы бойынша

5В050800 Есеп және аудит мамандығы 8 орынды (32 ЖОО ішінде) иеленді, 5В050900 Қаржы мамандығы – 11 орынды (ҚР – ғы 28 ЖОО ішінде ) иеленді.

2016 жылдың мамыр айында кафедра мамандықтарыҚазақстан Республикасы тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігімен (ТАРА)5 жылғахалықаралық аккредитациядан өтті.

Кафедра түлектері Қазақстан экономикасының түрлі салаларында бухгалтерлік есеп мамандары, бизнесмен және мемлекеттік қызмет қызметкерлері ретінде жемісті еңбек етуде. Олардың көпшілігі Қазақстанның, сонымен бірге шет елдерде өз білімдерін жалғастырды. Олардың университет қабырғасында алған білім деңгейлері бәсекеге түсуге және Қазақстанның, Кореяның, Ресейдің ең үздік университеттерінде түрлі оқу гранттарына ие болуға мүмкіндік берді.

Кафедра ғылыми-педагогикалық жоғары әлеуетке ие бола және қарқынды дами отырып, елдің қаржы, есеп және аудит саласындағы бағдарламалық құжаттарында қойылған стратегиялық міндеттерді іске асыруға елеулі үлес қосады.

Кафедра келесідей бғыттар бойынша мамандарды дайындауды жүргізеді:

  • 5В050800 Есеп және аудит (бакалавриат);
  • 5В050900 Қаржы (бакалавриат);

5В050800 - Есеп және аудит білім беру бағдарламасы

Қосымша білім беру бағдарламалары:

- "Экономиканың нақты секторындағы есеп және аудит ",

- "Қаржы және қоғамдық сектордағы есеп және аудит "

- "Бағалау"

5В050900 - Қаржы білім беру бағдарламасы

Қосымша білім беру бағдарламалары:

- «Салық және салық салу»

- «Қаржылық менеджмент»

- «Банк ісі»

Пайымдау

Мемлекеттің, мүдделі өкілдер мен оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жоғарғы сапалы білім беруді қамтамасыз етуге қабілетті жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім саласындағы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие қызметін ғылым, білім мен өндіріс интеграциясының негізінде жүзеге асыру.

Миссия:

· Мемлекет пен қоғамның, жеке тұлғаның сұранысына сәйкесті заманауи білім беру инфрақұрылым мен алдыңғы қатарлы оқыту технологиясын қолдана отырып экономика мен бизнес саласында жоғарғы кәсіби мамандарды даярлау бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру

· Болашақ мамандарда жаңа экономикалық ойлауды қалыптастыру

· Қаржылық ресурстарды басқаруда оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеттілігі.

Стратегия:

· Шығармашыл жеке тұлғаның жүйелі дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы, оқу, ғылыми және тәрбие үрдісінің интеграциясы үшін қажетті жағдайларды қалыптастыру арқылы 5В050800 – Есеп және аудит, 5В050900 – Қаржы білім беру бағдарламаларын жетілдіру;

· Білім беруді ақпараттандыру мен оқытудың жаңа технологиясын енгізу саласында инновациялық технологияны жүргізу;

· Құзыреттілік тәсіл негізінде ББмодульдік құрылымын жетілдіру;

· Студенттердің, университет ПОҚ, ата-аналардың, жұмыс берушілердің ұсынысын есепке ала отырып жалпы құзыреттілікті қамтамасыз ететін элективті пәндер каталогын жетілдіру;

· Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

· Беделді көтеру үшін халықаралық қорлармен, ұйымдармен және шетелдік әріптес жоғарғы оқу орындарымен байланысты нығайту, халықаралық жобаларға қатысу арқылы қызметкерлердің біліктілігін көтеру мен қаржы тарту;

· түлектердің даярлық деңгейіне қойылатын талаптармен қамтамасыз ету:

- Бакалавриат пен магистратура үшін Дублин дескрипторы негізінде оқу нәтижелерін анықтау және оны барлық бағдарламалар, модульдер, пәндер үшін қалыптастыру;

- Түлектер үшін жалпы құзыреттілікті қалыптастыру.

Мақсаттар:

Елдің индустриальды-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін, еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғарғы білім сапасына ың деңгейіне қол жеткізу.

Қазіргі кезеңде кез келген ұлттың бәсекелестігін айқындайтын фактор қоғамның интеллектуальдық потенциалы мен білімділік деңгейі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың ақпанында Қазақстан халқына арналған Жолдауында Н.Ә.Назарабаев атап көрсеткендей «Ең алдымен білім беру жүйесінің ролі өзгеруі керек. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсімнің жаңа моделінің орталық звеносына айналдыру. Оқу бағдарламаларын сыни тұрғыдан ойлау қабілетін және ақпаратты өз бетімен іздеу дағдысын қалыптастыруды дамытуға мақсаттауымыз қажет.

Сонымен қатар ІТ –білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру мен жастардың патриотизмін тәрбиелеуге үлкен көңіл аударуымыз керек. Қала мен село мектептерінің арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты жою қажет». Осы миссияны жүзеге асыру ұлттық университеттерге, ерекше статусқа ие мемлекеттік ЖОО-ына жүктеледі.

Қазіргі таңда М.Өтемісов атындағы БҚМУ құқығы жағынан жоғарғы кәсіби мамандар даярлауды жүзеге асырушы Батыс Қазақстандағы жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі.

Кадрлады даярлау ҚР білім және ғылым Министрлігі бекіткен ММБСЖ сәйкес жүргізіледі. Мамандықтар оқу-әдістемелік комплекстермен толық қамтамасыз етілген, мазмұны оқытудың кредиттік жүйесі бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес келеді.

 

Қаржыгер, бухгалтер мамандықтары нарықтық экономика жағдайында ең маңызды, қиын және беделді. Бұл саладағы жоғары кәсіби мамандар өз еңбегі үшін жоғары еңбек ақы алады. Осы мамандықты таңдаған жас адамдар адамзат білімі мен тәжірибесінің фундаментальды негіздерін сезіне алады. Бухгалтер мамандығын иелене отырып, олардың өзі бухгалтерлік есепті дамытуға өз үлесін қоса алады. Қаржылық пәндерді оқи отырып, микро және макро деңгейде экономикалық үрдістерді басқара алады.

Жазбамен бір мезгілде пайда болған бухгалтерлік есеп шаруашлық қызметтің фундаментальды қажеттілігі болды. Әлемнің университеттерінде бизнесті оқушы студенттер үшін маңызды пән болып табылады.

Бұл мамандықтың түлектері экономист, бухгалтер, аудитор, мемлекеттік қызметкер, менеджер, кәсіпорын басшысы, аналитик, банк қызметкері, сақтандыру агенті, қаржы менеджері т.б. лауазымдарда қызмет ете алады.

Кәсіби қызмет салалары мемлекеттік органдар, меншіктің барлық түріндегі мекемелер мен ұйымдар, экономиканы басқару мен мемлекеттік реттеу органдары, нарықтық құрылым звенолары, ғылыми-зерттеу мекемелері.

Кәсіби қызмет бағыттары экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық және меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары.

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дегі сабақты тек педагогикалық қана емес жұмыс тәжірибесі бар жоғары кәсіби маман оқытушылар, соның ішінде САР сертификацияланған бухгалтерлер жүргізеді. Оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүреді, шет тілін тереңдете оқыту бойынша қосымша факультативтер бар. «Бизнес мектебі» (мектеп оқушыларына арналған жексенбілік мектеп) ұйымдастырылған.

Мамандық студенттері ХрокаловА., Джамалиев А., Байгуатов Т., Хисаметдинов Р., Акакимян К., Бахирева М., Амиргалиев Диас, Мулдакашева Эльмира, Утебаева Азиза, Хабибуллин Еркин («Қаржы мамандығы») жыл сайын «Қазақстандық қор биржасы» (KASE) АҚ ұйымдастыратын жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған «Биржалық стимулятор» оқу саудасына қатысады және жүлделі орындар алып отырады. 2012-2013 жылдары – 1 орын, 2013-2014 жылдары – 1,2 орын алды.

Оқыту ерекшеліктері:

- ірі қазақстандық және шетелдік компаниялардан практиктер, оқытушылар, мамандар сабақ өткізеді;

- оқытудың шығармашылық ахуалы жоғарғы интеллектуальды оқытушылар потенциалы мен тыңдаушылар есебіненжаңа білімдерді игеру мен өзара толысуға ықпал етеді, өзіндік дамуға шексіз мүмкіндіктер береді;

- жұмыстан қол үзбей оқуға мүмкіндік беретін қолайлы сабақ кестесі;

- жетекші қазақстандық және шетелдік компанияларға жұмысқа орналасуға, сондай-ақ мансапты дамытуға ықпал етуге ұсыныстар жасалады;

- керемет кітапхана қордың болуы;

- жеңілдік жағдайда магистратураға түсу мүмкіндігі;

- оқуға жеңілдік алу мүмкіндігі.