Экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Мергалиева Лилия Игоревна- э.ғ.д., профессор

Экономика және менеджмент кафедрасының миссиясы болып бәсекеге қабілетті экономика саласындағы жаһандық өзгерістеріне тез бейімделе алатын, экономика, менеджмент, маркетинг, туризм, мемлекеттік және жергілікті басқару салаларының көшбасшысы бола білетін мамандарын дайындау жәнеэкономика пәндеріне стандарт негізінде арналған оқу бағдарламасына сәйкес, нарық экономикасының және дүние жүзінде болып жатқан өзгерістердің талаптарына жауап бере алатын жоғары деңгейдегі білімі бар мамандарды нарық талабына сай бейімдеу.

Кафедраның миссиясын орындаунегізі болып Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының 2020 жылға арналған Стратегиялық Дамубағдарламасы; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан Стратегиясы-2050»; «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясат бағыты» және тағы басқада нормативтік құжаттары табылады.

Экономика және менеджмент кафедрасының миссиясының қағидалық ерекшеліктері:

· Мемлекеттің еңбек әлеуетін арттырудажоғары мамандарды нарық талабына сай дайындау;

· Еңбек нарығында жұмыс берушілердің сұранысына сай жоғары білікті және білімді мамандарды дайындау:

· Болашақ мамандарды дайындауда ғылым саласындағы әр түрлі тәжірибелерді және инновациялық технологияларды пайдалану т.б.

Кафедраныңмақсаты болып –тиімді оқу бағдарламалары негізінде және жаңа технологияларды қолдану арқылы сапалы мамандарды дайындау.Мақсатты басымдылық болып - болашақ мамандарды дайындау, білім беру мекемелері, экономика бизнес қызығушылықтарын біріктіру.

Кафедраның дайындау бағыттары

1. Бакалавр мамандықтары бойынша:

5В050600-Экономика

5В050700-Менеджмент

5В051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару

5В090200-Туризм

5В051100-Маркетинг

2. Магистратура мамандықтары бойынша:

6М050600-Экономика

6М050700-Менеджмент

6М051000- Мемлекеттік және жергілікті басқару